13.05.2024, 17:30
Оқылды: 28

Қаратөбеде жаңа шағынмаркет ашылды

Қаратөбе ауданында шағын және орта бизнес дамып, жеке кәсіпкерлікпен айналысам деушілердің қатары күннен күнге артып келеді. Шағын кәсіпкерлікті дамытуды басты назарға ұстаған Оралбек Құдайбергенов Темір ауылынан «Ханшайым» атауымен шағынмаркет ашты.

каратобе супермаркет (2)

Жаңадан ашылған дүкеннің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан:

каратобе супермаркет (1)

– Мемлекет басшысы еліміздің экономикалық даму тұрақтылығын қалыптастыру, халықтың әл ауқатын көтеру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуды басты міндет етіп отыр.

Ауданымызда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Оған дәлел ауданда кәсіпкерлік нысандардың жиі бой көтеруі. Кәсіп бастаймын деушілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, түрлі гранттар немесе төменгі пайызбен несиелер беріліп жатыр.

Бүгінгі шағынмаркет ашып отбасылық кәсібін дамытып отырған Оралбек Ілиясұлының бастаған ісіне сәттілік тілеймін, - деді.

          Нысанның ашылуына жиналған ауыл тұрғындары мен жергілікті атқарушы биліктің көрсеткен қолдауы үшін жеке кәсіпкер Оралбектің әкесі Ілияс Құдайбергенов ризашылығын жеткізді.

каратобе супермаркет (3)

«Ханшайым» шағынмаркетінің лентасын Жасұлан Кәрелұлы мен бірлігі мен тірлігі жарасқан отбасының отағасы Ілияс Жәкешұлы қиды.

Өз қаражатына дүкеннің құрылысын жүргізіп, тұтынушыларға барлық қолайлы жағдайды жасаған кәсіпкер Оралбек қажетті азық-түлікті қолжетімді бағамен қамтуды қолға алған.

каратобе супермаркет (4)

- Жанұямызбен кеңесіп шағынмаркет ашуды жөн санадық. Қазір бес адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Темір ауылының тұрғындарын азық-түлік, тұрмыстық тауарлармен қамту арқылы сапалы қызмет көрсету ойымызда бар, - дейді Оралбек Ілиясұлы бізбен әңгіме барысында.

каратобе супермаркет (6)

Жаңа дүкеннің ашылуына келген ауыл тұрғындары дүкенді аралап көріп, өз саудаларын жасай бастады.

Аталған дүкеннің іші таза әрі жарық, барлық санитарлық талап сақталған. «Ханшайым» шағын маркеті алдағы уақытта тұтынушыларға тәулік бойы қызмет көрсетеді.

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале