17.01.2024, 15:00
Оқылды: 23

Облыстық сайлау комиссиясы келді

Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы  Әділ Жоламанов жұмыс сапарымен Теректі ауданына келді.

image-17-01-24-11-20-2

Жұмыс тобы құрамында облыстық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Арман Жиенғалиев және комиссия мүшесі, Теректі ауданының кураторы Асыланбек Ғұбашев бар.

 Алдымен меймандар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының материалдық-техникалық қамтылу жағдайымен танысып, комиссия мүшелерімен кездесті. Облыстық сайлау комиссия өкілдері ауданда сайлау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру және ақпараттандыру саласын жандандыру бағытында тапсырмалар берді.

image-17-01-24-11-20-3

Өз кезегінде аудандық комиссия төрағасы Арсен Бисенғалиев жұмыс барысы туралы баяндап,алдағы жоспарларымен бөлісті.

Биыл учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары да айтарлықтай жаңғырды. Аудан бойынша 224 комиссия мүшесінің 144-і жаңадан сайланғандар.

image-17-01-24-11-20-5

Жиында аудан бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаты және ауылдық округ әкімдерінің сайлауларының қорытындылары талданды. Өткен жылы ауданда бес ауылдық округ әкімдері сайлауы өтті. Бұл сайлауларда тұрғындардың электоралды белсенділігі әр түрлі. Кейбір ауылда халықтың сайлауға баруының ең жоғарғы көрсеткіші 82,5 пайызды құраса, Подстепное ауылында сайлаушылардың 25,3 пайызы дауыс беруге қатысты.

Сонымен қатар жиында аумақтық комиссияның материалдық-техникалық жарақталуы, биылғы ауыл әкімдерінің сайлауын ұйымдастырудың түйінді мәселелері сөз болды. Өзекті мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Дамир Меңдібаев,

Теректі аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале