23.11.2023, 23:31
Оқылды: 61

Теректі ауданы: Ақжайық ауылының тұрғыны жоғалып кетті

Кешегі аласапыран ауа райының қолайсыздығы кезінде тұрғындарға Төтенше жағдайлар мен Полиция қызметтері үйден шықпау, сақ болу жайында ескерткенімен, Теректі ауданында оқыс оқиға болды.

abab1b087fce468837e22c93a7244a72_original.56796Фото дереккөзі: Gov.kz

22 қараша күні, кешкі сағат 19-00 шамасында 101 шұғыл байланысына Ақжайық ауылының тұрғыны, 1961 жылы туған А.Абдрахманов жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Сол сәтте Ақжайық ауылындағы өрт сөндіру қызметі, жергілікті әкімдік, орман шаруашылығы, ішкі істер бөлімі өз күштерімен іздестіруді бастады.

Бүгін, 22 қараша күні іздестіру  жұмыстарына 25 адам, 9 техника қатысты. Облыстық ТЖД  тікұшақ жіберіп, іздестіру әуеден де жүргізілді.

«Әзірге жоғалған адам табылған жоқ. Іздестіру жүріп жатыр” деп хабарлады Теректі ауданының Төтенше жағдайлар қызметі.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале