9.09.2024, 23:00
Оқылды: 26

Подстепныйда «Бақытты отбасы» орталығы ашылды

Подстепный ауылында «Бақытты отбасы» жанұялық орталығының салтанатты ашылуы өтті. Оған жалпақ жұртшылықпен қатар аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров қатысыпжылы лебізін арнады.

D2682D0A-92DD-4DEF-9570-B329D81A9FF0

Айта кетейік, «Іскер ханым» қоғамдық қорының директоры Әсия Мухсинова мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ұтысқа ие болып, бұл орталықты ашуды құп көрген.  Оның  айтуынша,  «Бақытты отбасы»  — ҚР неке және отбасы туралы заңы аясында жанұяның маңыздылығын, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін орталық болмақ.

3029C2FD-8032-4A76-9932-E91DA06816BC

Біздің ең басты мақсатотбасылық құндылықтарды дәріптеу және оның маңыздылығын насихаттау, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, қолайсыз отбасылыры, жалғызбасты аналар мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған отбасыларға психологиялық  қолдау көрсету. Сонымен қатар қажет болған жағдайда психологиялық, заңгерлік және әлеуметтік кеңес те береміз, - дейді орталық директоры Әсия Нариманқызы.

D20540FF-3925-45C4-895C-539F628AC7A4

Жүздесу барысында Әсия Нариманқызы  алдағы уақытта отбасылық тәрбиені нығайту және құндылықтарды сақтауға арналған семинар, тренинг, шеберлік сабақ, көрме, мәдени шараларды ұйымдастыру жоспарда бар екенін тіле тиек қылды.

Айтпақшы,  су жаңа орталықтағы психолог,  бизнес-кеңесші, заңгер,  нәрестеге массаж жасау маманына жолығып, кеңесіне жүгінуіңізге болады.  Сондай-ақ аспаздың шеберлік сабақтарына қатысуға мүмкіндік мол.

Самал Жамет

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале