10.09.2024, 17:30
Оқылды: 167

Теректілік жігіттер әскерге аттанды

Бүгін Теректі ауданында жас сарбаздарды салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы әскерге шығарып салу рәсіміне арналған «Ер – ел қорғаны» атты іс-шара өтті.

66D992A4-CDA4-43AB-B9B4-3C26C621313B

Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз десеңізші... Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі туған жерді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш.

7D1D004B-769C-4EE9-931E-955578674AFE

Маңызы орасан іс-шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Қадырбек Бегманов жас сарбаздарға сәттілік тіледі.

– Отанымыздың аумақтық тұтастығын сақтау – парыз. Ежелден ата-бабамыз жерімізге ешкімнің қол сұғуына жол бермей, оны сақтауды бізге өсиет ретінде қалдырған, - деді өз сөзінде.

244E96F0-3840-485D-9B6C-6490C4DAD177

Содан соң аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың директоры Нұрсұлтан Кәдірғалиев Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерін тілге тиек етіп, жастарға рух берді. Жастар атынан сарбаздарға естелік сыйлығын да тарту етті. Бұл сол ортадан табылған мектеп оқушыларына сөзсіз үлгі болды.

F55C0BC4-585B-4ED6-8B0B-79E1E7B8018D

Аудан өнерпазы Кәмшат Қадырғалиева «Қазағымның жігіттері» әнімен іс-шараны түйіндеді. Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуы осындай жастарға байланысты ғой.

Ақтілек Әлібек

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале