4 сынып оқушылары арасында математика-логикалық, оқу сауаттылығы және жаратылыстану-ғылыми бағыттары бойынша өткен «Зерделі ұрпақ» облыстық олимпиадасы өз мәресіне жетті.

Бұл білім додасы – оқушылардың білімін бағалау ғана емес, олардың ойлау қабілетін шыңдап, шығармашылық әлеуетін ашуға және дарынды балаларды қолдауға бағытталған маңызды алаң.

Олимпиада қорытындысында аудан мектептерінің командалары жоғары нәтижелер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді. І орынды Казталов мектеп-лицейі командасы, ІІ орынды Ғ.Қараш атындағы мектеп-гимназиясы, ІІ орынды Жаңажол ЖОББМ командасы иеленді.
Мәриям Рахим,
Казталов ауданы