30.09.2023, 23:47
Оқылды: 40

Жаңақалада кезекті сенбілік өтті

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігінің қаулысы бойынша ағымдағы жылдың 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында экологиялық айлық жарияланған болатын. Соған сәйкес, осы апта сенбілігі Жаңақалада зират айналасын тазалаумен жалғасын тапты. 

IMG-20230930-WA0318

Жиын барысында, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырғали Жайымов сөз алып, ауыл тұрғындарына зират айналасын тазалаумен қатар, оны қоршауды қолға алу керектігі туралы ұсыныс жасады. Бұл ойды жиналған қауым бір ауыздан қолдады.

Сенбілік жасау – тазалықтың бір бөлігі ғана. Кез келген үлкен нәрсе кішкентай заттардан құралады. Сол үшін әрбір адам жеке басының тазалығымен қатар, өз айналасын таза ұстаса, қоғам әдемі болары сөзсіз.

Жанна Миха,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале