24.04.2023, 19:46
Оқылды: 29

Жәрмеңке қолжетімді бағада

Бүгін аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен орталық базарда жеміс ағаштары мен сәндік гүлдер және қол жетімді бағамен картоп жәрмеңкесі өткізілді.

жәрмеңке ..

жәрмеңке ....

Аудан тұрғындары орталық базардан өздеріне қажеттілерін керегінше сатып алып жатты. «Жыл сайын жәрмеңкеде өзіме қажетті заттарды қолжетімді бағада сатып аламын. Бүгін, міне, жеміс ағаштарымен қоса гүлдер және картоп өнімі сатылып жатыр екен. Аудан тұрғындары жеміс ағаштарын, ауламызға сән беретін әдемі гүлдерді алып жатыр. Айтулы жәрмеңке ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын», – дейді ауыл тұрғыны Айжан Жанысбекова. «Сатылымға шығарылған жеміс көшеттері үш жылдық. Енді екі жыл жақсылап баптасаңыз, үшінші жылы өз өнімін беріп, сіздерді қуантатын болады. Сатып алу, оны егу жұмыстары өте күрделі нәрсе емес. Әр жемісін күткен адам оны баптап, күтсе біздің бағымыздың көшеттері сіздерге сапалы мол өнімін береді. Қазіргі сатылымға ұсынылған  көшеттердің жағдайы жақсы. Тамырлары зақымданбаған. Аталмыш ағаштарды ауа райының жақсы уақытында егу қажет», - дейді жеміс ағаштары «Автодорожник» бау-бақша серіктестігінің өкілі. Алдағы аптада да айтулы жәрмеңкелер ұйымдастырылып, халыққа тиімді бағамен ұсынылатын болады.

 

Гүлмира Серікқалиқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz  

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале