22.03.2021, 17:43
Оқылды: 57

Жастар жолаушыларды құттықтады

  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы күре жолдың бойында орналасқан, өзге ұлт өкілдері тоқтайтын тамақтану орындары мен жанармай бекеттерін аралады.

0C066C98-BB62-4952-8C5E-C772CB3C44B1

  Жастар аудан қонақтарына шағын сый-сияпат үлестіріп, ауылдың алты ауызын шырқап, мейраммен құттықтады. Ұлыстың ұлы күні тойланбаса да, тосыннан кіріп келіп, думанға бөлеп, мерекелік көңіл күй сыйлаған жастарға жанармай бекеттері мен қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметкерлері, шетелдіктер риза болып, алғысын білдірді.

E04B0CCB-2E19-4C93-8B81-29B55F568ACA

D4298B86-7F1A-40D6-A267-B92DDA6AEBF6

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале