Медицина саласы қызметкерлеріне құрмет
18 Маусым 2021

Медицина саласы қызметкерлеріне құрмет

Шыңғырлауда медицина қызметкерлері марапатталды
18 Маусым 2021

Шыңғырлауда медицина қызметкерлері марапатталды

Жәнібек ауданы әкімі медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады
18 Маусым 2021

Жәнібек ауданы әкімі медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады

Мемлекеттік қызметшілерге арналған спариакиада
18 Маусым 2021

Мемлекеттік қызметшілерге арналған спариакиада

Шаруа шабындыққа жұмылды
18 Маусым 2021

Шаруа шабындыққа жұмылды

«Халықтың тыныштығын сақтау – басты міндет»
18 Маусым 2021

«Халықтың тыныштығын сақтау – басты міндет»

Жоламан Абдрахманов: «Бозбалалардың сарбаз атануға деген бетбұрыстары көңіл қуантады»

7 мамыр - бүгінде жаңарып, жаңғырып, қарқынды дамуға бет алған Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы өзгеше күн. Өйткені, осыдан 29 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен мемлекетіміздің Қарулы Күштері құрылды. Содан бері ол Отан қорғаушылар күні ретінде мерейлі мерекелер қатарынан орын алып, ел көлемінде үлкен ықыласпен атап өтіліп келеді.

IMG-20210508-WA0005

Жалпы, кез келген мемлекеттің мәртебесін арттырып, жасампаз халқының жарқын болашаққа деген сенімін нығайтуда, сонымен бірге, экономикамыздың серпінді дамуын қамтамасыз етуде құрыштай шыныққан әскерінің алатын орны ерекше екендігі белгілі. Бүгінгі таңда еліміздің Қарулы Күштерінің алдында күрделі міндеттер тұр. Бұл - еліміздің тәуелсіздігін қорғау, территориялық тұтастығымызды сақтау, ұлттық, соның  ішінде әскери қауіпсіздігімізді  қамтамасыз ету.

Тәуелсіздік  алған  30 жыл  ішінде  елімізде талай өзгерістер  болды.  Қазақстан өркениет  елдеріне  қосылу мақсатында үлкен  айбынды  жолдардан  өтті. Осынау айтулы мереке қарсаңында Жаңақала аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің аға сержанты Жоламан Абдрахмановпен әңгіме өрбіткен едік.

Жоламан Қанатұлы 1987 жылы 4 сәуірде Қаратөбе ауданы, Шөптікөл ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасын аталмыш ауылда тәмамдағаннан кейін, Евразия академиясының «Қаржы факультетінің» қаржы мамандығына оқуға түседі. Жоғарғы оқу орнын 2008 жылы ойдағыдай аяқтаған соң, 2009 жылы Алматы қаласындағы 61993 әскери бөліміне мерзімді әскери борышын өтеуге аттанады. Әскери борышын өтеген соң, сәтін салып Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде «Жұмылдыру-даярлығы бөлімшесі» бастығының техника бойынша аға көмекшісі болып еңбек жолын бастайды. Сол жерде 3 жыл жұмыс істеп, 2013 жылы тамыз айынан бастап Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде аудармашы қызметін атқарса, 2015 жылы әскерден тыс даярлық бөлімшесінің аға маманы лауазымына әскери қызметші болып қызметке тағайындалады. Содан соң келісімшарт бойынша 2017 жылы әскери қызметшілер жасақтау бөлімшесінің аға маманы лауазымына әскери қызметші болып жұмысын жалғастырады. 2018-2020 жылдар аралығында БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы, 2020 жылдың қыркүйек айынан бері Жаңақала аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде жасақтау бөлімшесінің бастығы болып әскери қызметші лауазымын атқаруда.

Қазіргі таңда ҚР Қарулы Күштер мен республикалық Ұлан, сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне азаматтарды әскер қатарына шақырып, жұмыстарын жүйелі жүргізуде. Әскери өмір қашанда темірдей тәртіпті қажет етеді. Иә, өмірін осы саламен байланыстырған жан үшін бұл бұлжымайтын қағида.

- Бұл мереке барша қазақстандықтар үшін ортақ үлкен мереке. Себебі, әскері мықты, сарбаздары күшті болған ел қуатты болып саналады. Жиырма тоғыз жылын артқа тастаған еліміздің қорғаныс саласы осы жылдар ішінде небір белестен өтіп, небір қамалдарды алды. Бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Бұл ретте оған теңізге түскен тамшыдай болса да, біздің бөлім де өзіндік үлесін қосып келе жатыр десем, қателеспеспін. Жаңақала ауданында былтырғы жылдан бері жұмыс жасап келемін. Қазіргі, бейбіт аспанымызды бұлт шалмаған тыныш заманда азаматтарды әскер қатарына шақырып, өз міндетімді атқарудамын. Осы тұрғыдан алғанда киелі Жаңақала ауданында осы істер рет-ретімен алға басып, оң нәтижесін беруде. ҚР Конституциясының 36-бабына сәйкес 18 бен 27 жас аралығындағы әрбір ер азамат әскерге баруға міндетті. Ол әр ер азаматтың қасиетті борышы болып табылады. Жыл басынан күні бүгінге дейін аудан бойынша әскер қатарына 15 адам жіберілді. Атап айтсақ, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне ауданымыздан 4 әскерге шақыртушы аттанса, қалған 11 бозбала Қарулы күштер қатарына аттанып отыр. Азаматтарды іріктеу, зерделеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Күндізгі білімде оқитын студент жастарымыз әскерге баруға өздері ниет білдіруде. Сонымен қатар биыл оқу бітіретін студент жастар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп келеді. Денсаулығына байланысты жарамсыз азаматтарда кездеседі. Қазіргі таңда денсаулығы жарап тұрса да түрлі сылтау іздеп, әскерге бармай қалуды көздейтін кейбір соқталдай азаматтардың да арамызда бар екенін жасыра алмаймыз. Сондықтан да жасөспірімдер арасындағы патриоттық тәрбие аса маңызды және біздің тарапымыздан да осы мақсатта жүйелі жұмыстар жолға қойылған. Бұл тұрғыдан алғанда әр отбасыда елжандылықтың, отансүйгіштіктің іргетасы қалануы қажет деп ойлаймын. Әр әке өзінің өмір тәжірибесіне сүйене отырып, ұлының жарқын болашағына дұрыс жол көрсетуі керек. Жалпы, аудандағы бозбалалардың сарбаз атануға деген бетбұрыстары көңіл қуантады. Жалындаған жігерлі жастар барда - еліміздің бүгіні мен ертеңі сенімді қолда болмақ. Ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздік туын тұғырынан тайдырмай желбірету жастардың қолында. Еліңнің бір бөлшегі болып дүниеге келген соң, кеудеңде елім, жерім деп жүрегің соғып тұруы міндет. Өйткені, сен қоғамның ажырамас бөлігісің. Мемлекетіңнің тыныштығы мен бейбітшілігі үшін жауаптысың, - дейді аға сержант Жоламан Абдрахманов.

20210508_124726

Аға сержант Жоламан Қанатұлының айтуынша, әскери өмірінің алғашқы баспалдақтарынан бүгінге дейінгі жасаған қадамдары үлкен еңбек пен білімді, жауапкершілік пен табандылықты талап етеді. Бірақ, өзің жүрегің таңдаған бағыт болғандықтан, кездескен қиындықтарды еңсеріп, алға қарай тоқтамай жүру керектігін түсінесің дейді. Иә, әскери қызмет - аса жауапкершілікті талап ететін абыройлы міндет. Былайғы тіршілікке бір сәт мойын бұруға мұрша бермейтін қызметте жүрген Жоламан Абдрахманов қызметіне жауапкершілікпен қарайтын әскери қызметкер ғана емес, үлгілі жанұяның отағасы. Жары Гүлдерайым екеуі қызғалдақтай екі қыз тәрбиелеп отыр. Өз ісімен, адами қасиеттерімен ерекшеленетін азаматты әскери ортадағы әріптестері де құрметтейді.

Ең бастысы егемен еліміздің көк туы төмен түспей, айбынымыз асқақтай берсін. Өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың жүрегі ел деп соғып, тәуелсіздігіміздің тұғыры бекемделе түссін. Ал, Отан қорғаушыларымыздың еңбегі әрдайым еленіп, әскери қызметтің мәртебесі арта берсін. Өйткені, әскері мықты ел - қуатты ел екені белгілі. Ал, қуатты елдің қашанда іргесі бүтін, халқы бақытты болатыны сөзсіз.

Ақсәуле Сексенбайқызы,
Жаңақала ауданы

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Жаңақала ауданында облыстық мәслихат депутаты қоғамдық қабылдау өткізді

Жаңақала ауданында облыстық мәслихат депутаты қоғамдық қабылдау өткізді

16.06.2021, 20:29

Жаңажолдық түлектер жарап тұр

Жаңажолдық түлектер жарап тұр

27.05.2021, 17:53

Жаңақалалық жиырма жылдық түлектер «Білім аллеясын» сыйлады

Жаңақалалық жиырма жылдық түлектер «Білім аллеясын» сыйлады

26.05.2021, 12:54

«Автобусқа адам сыймайды, қалаға қалай барамыз?!»

«Автобусқа адам сыймайды, қалаға қалай барамыз?!»

22.05.2021, 20:12

Жаңақалада

Жаңақалада "Толағайлар тартысы" тартысты өтті

8.05.2021, 19:33

Жаңақала ауданындағы Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінде есеп беру концерті өтті

Жаңақала ауданындағы Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінде есеп беру концерті өтті

8.05.2021, 19:24

Жаңақалалық ардагер спортшылар үздіктер қатарында

Жаңақалалық ардагер спортшылар үздіктер қатарында

8.05.2021, 18:39

Аға буын өткен асулар

Аға буын өткен асулар

8.05.2021, 13:29

Жаңақалада облыстық деңгейде онлайн би байқауы өтті

Жаңақалада облыстық деңгейде онлайн би байқауы өтті

8.05.2021, 12:23

Жаңақалада ашық жатқан құдықтар ажал құштырмасын...

Жаңақалада ашық жатқан құдықтар ажал құштырмасын...

15.04.2021, 19:11

Республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауы аясында Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газетінің редакторы марапатталды

Республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауы аясында Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газетінің редакторы марапатталды

3.04.2021, 22:39

«Тегін медициналық көмек барлық санаттағы азаматтарға көрсетіледі»

«Тегін медициналық көмек барлық санаттағы азаматтарға көрсетіледі»

3.04.2021, 21:26

Білікті бапкер

Білікті бапкер

3.04.2021, 21:01

Жаңақалалық жас өрен облыстық балалар кинофестивалінде жеңімпаз атанды

Жаңақалалық жас өрен облыстық балалар кинофестивалінде жеңімпаз атанды

3.04.2021, 19:02

Жаңақала ауданына «Халық» қайырымдылық қорының азық-түлік себеттері жеткізілді

Жаңақала ауданына «Халық» қайырымдылық қорының азық-түлік себеттері жеткізілді

3.04.2021, 18:32