4.06.2021, 9:40
Оқылды: 114

Жымпитының мешіті мен шіркеуі

Репрессия құрбандарын толық ақтау бойынша құрылған жұмыс тобының ерекше назарындағы бір тақырып – қудаланған дін қайраткерлері және жабылған, большевиктер тартып алған ғибадат үйлері.

BFE4417D-3A8A-4CA9-BF1C-754134B6BAB8

Жалпы, Жымпиты ауылының тарихы тым әріде емес, ХІХ ғасырдың соңында отаршыл орыс билігінің қазақ ішіндегі билігін нығайту мақсатында үкімет тарапынан тұрғызылған елді мекен болатын. Шамамен 1881-1890 жылдары іргетасы қаланған Жымпиты бірден үлкейіп, аурухана, мектеп, мешіт пен шіркеу салынып, қалаға айналады. Айтпақшы, ел аузындағы әңгімеде болашақ Жымпиты уезінің орталығы Қоспа мекенінде салынуы тиіс болған екен, бірақ қазақтар қағылған қазық орнын ауыстырып жіберген-мыс.

F275F57C-890B-402E-9F7B-046DF85DD77A

Тарихи деректерге қарасақ, Жымпитыда әуелі шіркеу көтерілген екен. Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Айнагүл Ойшыбаеваның дерегінше, шіркеу 1890 жылы салынып біткен.

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің қорында «Жымпиты ауылындағы бұрынғы шіркеу ғимаратын пайдалану туралы Жымпиты аудандық атқару комитетінің жазбалары» атты құжаттар сақталған. 1937 жылы қатталған бұл жазба православ христиандарының ғибадат үйінің тағдырын біржола шешіпті.

Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 4 маусымдағы №45 санынан оқи аласыздар.

Қазбек Құттымұратұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале