8.06.2016, 12:31
Оқылды: 62

Жайық жұртшылығы батыр ұлымен қоштасты

glavБүгін Батыс Қазақстан облысы Жəнібек ауданының Жақсыбай ауылының тұрғындары Ақтөбе қаласында болған лаңкестік оқиға барысында қаза тапқан 6655-ші әскери бөлімінде келісімшарт негізінде қызмет атқарған, кіші сержант Берікжан Қалиевті ақтық сапарға шығарып салды.


Отан тыныштығын қорғау жолында жанын қиған батыр ұлмен қоштасу рəсіміне өңір басшысы Алтай Көлгінов арнайы келіп, марқұмның анасы Гүлжиянға, жұбайы Нұрсұлуға жəне тума-туыстарына көңіл айтты.

«Берікжанды сіздер тәрбиелеп өсірдіңіздер, осы жерден түлеп ұшты. Ел басына сын сағаты туғанда, Отанды ердің ері ғана қорғайды.

3a0daf7a-3667-4e67-8f46-969e96d76ba3Ұлыңыздың ерлігі ел есінде қалады. Қайғыңызға ортақтаса отырып, сізбен бірге екендігімізді айтқым келеді. Отбасыңызға қолдан келген көмектің барлығын көрсетеміз. Болған іске болаттай берік болып, сабырлылық танытыңыз.

Қылмыскерлер жауапсыз қалмайды, тиісті жазасын алады», - көңіл айтты Алтай Сейдірұлы.

Марқұммен қоштасуға арналған қаралы митинг ауылдық Мәдениет үйінде өткізілді. Бұл қайғылы жағдайдың барша Қазақстан халқы үшін ауыр тигенін атап өткен облыс басшысы өмірінің соңына дейін қасиетті борышын лайықты өтеген Берікжанның есімі Отан алдындағы қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан батыр ретінде тарихта қалатынын жеткізді.

a535d2be-f712-4047-ab64-2fbb334b32abСондай-ақ қаралы жиынға ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығы штаб бастығының орынбасары, полковник Мейіржан Мұхамбетқалиев,  ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Әскери дайындық жөніндегі басқармасының басшысы, полковник Тұрсын Дүйсемалиев, ҚР Ұлттық Ұланның 6655-ші әскери бөлімі бастығының тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Бақберген Әнешевтер қатысты.
Қаскөйлер қолынан қаза тапқан марқұмның жаназасын облыстық мешіттің бас имамы Руслан Сұлтанов шығарды.

Қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау жолында шейіт болған ердің артында жұбайы, төрт баласы қалды.

www.zhaikpress.kz

voin (2)

Berik

voin (3)

voin

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале