28.07.2016, 16:31
Оқылды: 26

Жауһар жырлар байқауы

DSC_0722          Тасқала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ұлы сөз зергерлері Абай Құнанбаев пен  Александр  Пушкиннің жауһар жырларын  мәнерлеп оқудан байқау өтті.


Аталмыш шарада бөлім басшысы М.Нәріков сөз сөйлеп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыста аудан мен ауылдық  округтерден жас ерекшеліктері әртүрлі он төрт қатысушы бақ сынады. Нәтижесінде А.Құнанбаев өлеңдерін мәнерлеп оқудан жүлделі I орынға Кузнецов жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ. Хайырмұхамбет ие болса, II орынды Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 7 сынып оқушысы Н.Киреева иеленді. Ал III орынға Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 5 сынып оқушысы А.Байдушева табан тіреді.DSC_0728

А.Пушкин өлеңдерін мәнерлеп оқудан жүлделі I орынға Кузнецов жалпы орта білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Байбулатова ие болды. II орын Шежін жалпы білім беретін орта мектебінің 5 сынып оқушысы А.Төреғалиеваға бұйырса, III орынды Мереке жалпы білім беретін орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміА.Жұмашева алды.

Жеңімпаздарға ұялы телефон сыйға беріліп, қалған қатысушылар алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марпатталды.

 

 Е.ЕЛЕКЕНОВ
Тасқала ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале