Қаратөбе ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және Спорт күні кәсіби мерекесіне арналған жағажай волейболынан аудан біріншілігі өтті.
Спорттық шара волейбол ойынын кеңінен дамыту, аудан құрамасын жасақтау, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында оздырылды.
Қаратөбе аудандық «Қаратөбе» спорт клубының ұйымдастыруымен өткен жолдастық кездесу «Шөптікөл», «Аққозы», «Жусандыой», «Сулыкөл», «Саралжын» құрама командалары арасында тартысты өрбіді.
Ойын қорытындысында «Аққозы» құрамасы I орын, «Шөптікөл» құрамасы II орын, Жусандыой құрамасы III орын иемденді.
Түрлі аталымдар бойынша жақсы ойын өрнегін көрсеткендері үшін бірнеше спортшы дипломдармен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлық табыс етілді.
Райымбек Абаев
Қаратөбе ауданы