31.08.2016, 11:46
Оқылды: 20

Ата Заңға арналды

констМарапатАудандық мәдениет үйінде еліміздің Конституциясы күніне орай салтанатты жиналыс оздырылып, аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин жиналған қауымды мемлекеттік мерекемен құттықтады.

-1995 жылғы 30 тамызда референдум арқылы қабылданған Конституция – еліміздің басты құжаты. Еліміздегі саяси тұрақтылықтың, қоғамдық татулық пен бейбітшіліктің арқасында Қазақстан өзінің ішкі және сыртқа саясатын батыл жүзеге асырып, дүниежүзілік аренаға танымал болды және әлемдік экономикалық жүйе ішінде лайықты орын алды. Конституция егемен Қазақстанның гүлденуінің басты тетігі, әр адамның құқығының кепілі болып табылады. Сондықтан, келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі барлық азаматтар Ата Заңды ардақтауы қажет. Мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, әр шаңыраққа құт пен береке тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! – деді аудан басшысы.

Салтанатты жиында аудан әкімінің алғыс хатымен Т.Жароков атындағы мектептің мұғалімі Ғалия Жұмақаева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Гүлмира Дүйсенбаева, аудандық орталық аурухананың медбикесі Ақзила Қабдолова және аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Сырым Байсов марапатталды. Сондай-ақ, жиналыс барысында Тау ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған Кенжебек Еркеғұлов, Талов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұрдәулет Қыдырғалиев және аудандық ветеринария бөлімінің жетекші маманы Динара Әнуарова мемлекеттік қызметшілердің антын қабылдады.

Жиналыс соңы аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.

Д.Оспан

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале