1.05.2024, 18:06
Оқылды: 61

Сырымда дзюдодан аудандық ашық біріншілік басталды

Бүгін Сырым ауданында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай дзюдо күресінен аудандық ашық біріншілік басталды.

IMG_9960

А.Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің сарайының төріне төселген бозкілемде өңір аудандарының құрамаларынан бөлек, Орал қаласындағы жекпе - жек спорт мектебі мен "Kodokan Spirit" дзюдо орталығының тәрбиеленушілері және Маңғыстау облысының балуандары белдесуде. Жарысқа 2010 - 2015 жылы туған жасөспірімдер қатысуда.

Жарыстың салтанатты ашылуында А.Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бауыржан Ихсанов сөз сөйледі.

- Тәуелсіздік, татулық, ынтымақ секілді құндылықтар Қазақстанды мекендеген барлық ұлт пен ұлысқа ортақ! Спорттың жөні бөлек. Спорт елді біріктіреді, рухты шыңдайды! - деді Бауыржан Ихсанов.

IMG_9936

Биыл Қазақстанның бірқатар өңірі, соның ішінде Сырым ауданы да су тасқынының зардабын тартқаны белгілі. Жарыстың жарнасынан түскен барлық қаражат тасқыннан залал тартқан жанұяларға жәрдем ретінде аударылмақ.

Спортшылар осылайша елмен бірге екендіктерін дәлелдеуде.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале