1.05.2024, 17:01
Оқылды: 60

Шыңғырлау ауданында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған "Қазақстан – достық мекені" атты мерекелік шара өтті. Әрбіріміздің жүзімізге шуақ, жүрегімізге жылу ұялататын бір шаңырақ астына жиналған ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы мен бірлігі күні қарсаңында аудан тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Салатанатты шара басында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев сөз сөйледі.

440069024_1858056054606154_4815160379549413948_n

- Құрметті шыңғырлаулықтар, жерлестер! Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде көпұлтты халықты достық құшағына сыйғызған Қазақстан Республикасы тұрақтылық пен татулықтың мекеніне айналды. "Ынтымақ барда — ырыздық бар" дегендей, бірлік ұштастырған берекелі елде жаңа істер мол боларына сенімдімін!,- деп мерекемен құттықтады аудан әкімі. Сондай-ақ жылдар бойы аудан игілігі үшін еңбек етіп, өркендеуіне елеулі үлес қосқан жандар аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды.

440139887_1858056744606085_8561514794590193328_n

440085805_1858056327939460_3184041910928218006_n

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале