8-707-808-48-55
23.09.2015, 15:10
Оқылды: 1
Жанына жақын жағалауына жетті

Terekti bauirjan gubaidullin

 

Бұрынғы Ақжайық, қазіргі Теректі ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген журналистика саласының майталманы Бауыржан Файзоллаұлы ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі екендігін де мақтанышпен атап өткен жөн. Шағатай ауылының мәдениет үйінде өткен ағамыздың шығармашылық кешіне кәрі мен жас тегіс жиналды.

Кеш иесі алдымен туған жеріне тағзым жасап, сахна төріне ерекше бір толқыныспен жайғасты. Журналистика саласына қалай келгенін, журналист ретінде қалам тербейтін сүйікті табырыбы жөнінде біраз әңгіме өрбітті.

Шағатайдағы шырайлы кеш барысында мерейтой иесі турасында өте керемет пікірлер айтылды.  Кештің сыйлы қонағы болған ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан  Жазушылар одағы БҚО филиалының төрайымы Ақұштап Бақтыгерееваның салиқалы һәм салмақты ой-пікірі көпшілікке оң әсер етіп, Бауыржан ағамыздың таудан беделі одан сайын асқақтай түскендей. Ақын апамыздан бөлек Бауыржан Файзоллаұлын  әріптесі, ақын, бірнеше жыр жинағының авторы, «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары Ғайсағали Сейтақ  ағамызда киелі сахна төріне шығып құттықтады. Сонымен қатар кеш иесіне сыныптастары атынан БҚО әкім аппаратының басшысы Марат Тоқжанов, ветеринария  ғылымдарының докторы, профессор Ерболат Байтілеуов, жеке кәсіпкер Насимолла Егізбаев сынды  ел ағалары жылы тілектерін білдіріп, құрмет көрсетті.

Кештің соңында  Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиев сөз алып, Бауыржан  Файзоллаұлына қазақы дәстүрмен шапан жапты.

www.zhaikpress.kz

Әділет Орынбасаров

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар