10.08.2015, 20:54
Оқылды: 46

"Абай үні – халық үні"

IMG_3486Бүгін облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 170 жыл шығармашылығына арналған "Абай үні – халық үні" әдеби-сазды кеші өткізілді.

Кеш барысында кітапхана оқырманы ақынның шығармашылығымен танысып, Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Не іздейсің көңілім, не іздейсің», «Поэзия властитель языка», «О любви душа молишь, «Ты зрачок глаз моих» атты өлендерін оқып берді.

IMG_3481Кешке қатысушы қонақтар назарына ақын шығармашылығы туралы «Қазақ даласының сұңқары Абай Құнанбаев» бейнефильмі мен кітапхана қызметкерлері дайындаған «Абай мұрасы - сарқылмас қазына» кітап көрмесі ұсынылды. Бұл көрмеге кітапханада бедерлі-қарпі түрінде және дыбыстандырылған электрондық нұсқауда шығарылған ақынның  кітаптары қойылды. Сонымен қатар «Абайдың қара сөздері» дыбыстандырылған кітабынан үзінділер тындалды.

Қазақ зағиптар қоғамының Мәдениет үйінің көркемсаз мүшелерінің орындауында Абайдың «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық-ай» атты әндері шырқалды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале