1.10.2015, 9:02
Оқылды: 18

Адам өлтірген күдікті қолға түсті

Zelenov adam oltirgen kydikti kolga tysti  29 қыркүйек түнгі сағат 00:10-да Зеленов ауданы Махамбет ауылындағы Наватор көшесінен зорлықпен күш қолдану арқылы өлтірілген 40 жастағы азаматтың денесі табылды.

Қоңырау түскен бойда жеткен аудандық ішкі істер бөлімнің қызметкерлері қылмыскердің ізін суытпастан қолға түсірді. Ауыл тұрғынын өлтірген Орал қаласында уақытша тұратын Өзбекстан Республикасының Б. есімді азаматы екені белгілі болды.

Тергеу амалдары жалғасып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 

www.zhaikpress.kz

Динара Беріш

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале