18.05.2015, 10:58
Оқылды: 18

Ажырасу – бақытсыздық.

Akjayik ajirasu bakitsizdik  Өкінішке қарай, үй болуға ішкі дайындықтары болмағандықтан, бұл таңда ажырасу жиі кездесетін бір кеселге айналды. Мұның түпкі себебі ұл-қыздың тәрбиесінде, яғни о баста әке-шешеден жіберілген осалдық, олқылық болып табылады.

Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханасы ұйымдастырған «Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі» атты «дөңгелек үстелде» осы жайында кеңінен қаузалды. Чапаевтан тұрғындар шақырылған бұл шарада аудандық «Шуақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәншүк Мәмбешева адамның бағы да, соры да кішкентай кезінен алған тәрбиенің қандай екеніне байланысты болатынын, жанұялық өмірге балауса шақтан дайындаудың маңызын баяндады. Ал тәрбиелі ұрпақ өсірген кітапхананың тұрақты оқырманы, зейнеткер Балым Хамзина «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген дана сөзден бастаған әңгімесінде қыз балаға қоғамның мықты назар аудару мәселелерін қамтыды. Жанұяның имандылыққа негізделуінде әйел-ананың рөлі өлшеусіз. Бірақ бұл әрине, ер адамдардың жауапкершілігін титтей де бәсеңсітпейді. Әке-шеше Алла алдында да, қоғам алдында да өз балаларының ұяты күшті болуына аса жауапты екенін бір сәт те естен шығаруға болмайды.

Әділет басқармасының бас маманы Бағдагүл Еркінғалиева мәжіліске қатысушылардың пікір, толғамдарын қуаттай келіп, етек-жеңі жинақы, ұяты күшті отбасын құруға жастар қамданбаса, ажырасу секілді бақытсыздық тиылмайтынын қынжыла әңгімеледі. «Баланың алғашқы ұстазы әлбетте, ата-анасы. Перзенттерін ертеңгі өмірге дайындауда олар мәкілік жіберсе, бұл олардың бәріне қымбатқа түседі»,-деді ол.

www.zhaikpress.kz

Римма САРАНОВА

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале