7.11.2016, 18:22
Оқылды: 83

Азаматтардың алғысы – полиция қызметкерлері үшін үлкен марапат

полицияБҚО полиция қызметкерлері бір сағат ішінде бірнеше ұрлықтың бетін ашты.


Ағымдағы жылдың 27 қазанында кешкісін БҚО ІІД кезекші бөліміне белгісіз біреудің әйел адамдардың сөмкесін ұрлап кеткені туралы екі бірдей хабарлама келіп түсті. Хабар түскен сәтте жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «оқиға ізін суытпай» қаладағы «Баспахана» аялдамасы аумағында жәбірленушілердің сипаттамасына сай келетін тұлғалар анықталып, қолға түседі. Дереу түрде Абай полиция бөліміне жеткізілген күдіктіні жәбірленушілер бірден таниды. Ол 1988 ж.т. «Н» есімді азамат болып шықты. Тергеп, сұрақ-жауап алу кезінде күдікті азамат жасаған ісін мойнына алып, тіпті полиция қызметкерлеріне ұрланған сөмкелерді жасырған жерін де көрсетті. Аталған орынды тінту кезінде полиция қызметкерлері ұрланған  заттарды тауып, иелеріне қайтарды. Ұсталған азаматқа қатысты оны қамауға алу жазасы қолданып, ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Ұрланған сөмкесімен қатар, жеке құжаттары, ұялы телефон, сондай-ақ қомақты қаражаты бар әмияны салынған сөмкесін дін аман әкеліп тапсырған тәртіп сақшыларына жәбірленуші әйелдердің бірі ризашылығын білдіріп, жедел де қырағы әрекеттері үшін БҚО ІІД бастығының атына хат жазып алғыс етті.

Тәртіп сақшылары үшін басты марапат – азаматтардың жүректен шыққан алғысы. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін хатта көрсетілген қызметкерлер БҚО ІІД бастығының құзіретімен ынталандырылды.

 

БҚО ІІД баспасөз қызметі  

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале