16.08.2016, 16:16
Оқылды: 43

Азаматтардың өтініш-шағымдарын тыңдады

SafullinБүгін «Нұр Отан» партиясының Орал қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қалалық мәслихаттың депутаты Жантас Сафуллин азаматтарды қабылдап, олардың өтініш-шағымдарын тыңдады.


Қабылдауға алғашқы боп қала тұрғыны, зейнеткер Людмила Самойлова кірді. Бұған дейін қоғамдық қабылдауда болған қария тұрмыстық газ жабдығы бойынша техникалық қызмет көрсету тарифінің төрт есе өскеніне наразылығын білдірген болатын.

Жантас Набиоллаұлы кейуана көтерген мәселе бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап берді. Құзырлы органдарға жазылған хаттар мен оларға берілген жауаптарды, облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттеріне басылған тақырыпқа орай жазылған мақалаларды көрсетті.

Депутаттың нақты істеріне риза болған зейнеткер оған алғысын жаудырды.

Қабылдауға келген көп балалы ана Данагүл Нұрмұханова мектеп жасындағы балаларын жаңа оқу жылына дайындауға көмектесуді өтінді.

- Төрт балам бар. Тұңғыш ұлым биыл колледж бітірді. Сол себепті мектеп жасындағы үш балама мемлекет тарапынан берілетін қолдау тоқтап қалды. Тіпті «Мектепке жол» акциясына да ілінбей қалдық. Балаларды оқу жылына дайындауға мүмкіндігіміз жоқ. Өзімнің алатын жалақым мардымсыз. Ал жұбайымның тұрақты жұмысы жоқ, - деді көп балалы ана депутатқа.

Ж.Сафуллин қиналған ананың өтінішін назарға алатынын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале