5.10.2016, 11:42
Оқылды: 21

Азаматтар әскерге шақырылуда

%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d1%82%d1%82%d0%b0%d1%80-%d3%99%d1%81%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b5-%d1%88%d0%b0%d2%9b%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bb%d1%83%d0%b4%d0%b0  Шыңғырлау ауданында биылғы жылдың әскер қатарына күзгі шақырылым жұмыстарын ұйымдастыру барысында 1998 жылы туылған жасөспірімдерді әскер қатарына аттандыру шарасы өткізілді. Шара аудандық Қорғаныс істері жөнідегі бөлімнің ұйымдастыруымен жүзеге асырылып, ауданымыздан 35 азамат, әуелі облыстық тиісті комиссия тексеруіне түсіп, әрі қарай еліміздің өңірлеріне әскери бөлімдерге аттанатын болады.


   Ел қорғау ер-азаматтың ісі деп мақұлданатын халқымыздың салтындағы жаңа талап жас азаматтарға бата беріліп, ел қорғау, ата-ана сенімін ақтап, Отанға адал қызмет ету деген ұғымының мәні- мағынасы аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов, ҰОС-ның ардагері Сүйеу Ығылманов, Ауған соғысының от-жалынын көрген майдангер Бақытжан Баймұқашев, қарт ана Мариям Ізмұханова тарапынан айтылып, жастарға сәт сапар тіледі. Бұл құттықтаулар мен қолдау тілектерді түйіндеген аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор Оралбек Қарашолақов 2016 жылдың көктемгі-күзгі әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жұмыстары барысында ауданымыздан аттанатын жастарға жақсы қызмет ету, бүгінгі Қарулы күштер сапындағы жаңа технологияны, заманауи қару-жарақты жақсы меңгеріп, үздік білуге, спортпен айналысып, денсаулықты жетілдіруге және ел үшін адал қызмет етуге шақырып, әскери жадынамалар таратты.

Қаршыға Елемесов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале