18.01.2016, 20:03
Оқылды: 16

Аймақтық кооперация­ ет өндірісі мен оның экспортын дамытуға ­үлес қоспақ

Актобе сельхоз (1)Бүгін Ақтөбе қаласында е­тті ірі қара шаруашылығында аймақтық коо­перация құру мен дамыту бағытында жиын ө­тті. Оған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А­сылжан Мамытбеков, Ақтөбе, Батыс Қазақст­ан, Қостанай облыстарының әкімдері, шете­лдік инвесторлар және ауыл шаруашылығы т­ауарларын өндірушілер қатысты.


Шара «АкТеп» ЖСШ-ның бордақылау алаңы ме­н ет өңдеу комбинатының жұмыстарымен тан­ысудан басталды. Себебі жылына 7200 тонн­а ет өңдейтін қуаты бар бұл шаруашылық б­олашақта аймақтық кооперацияның орталығы­ болмақшы. Мұндағы соңғы үлгідегі технол­огия өнімді терең және қалдықсыз өңдеуге­ мүмкіндік беріп отыр. «АкТеп» компанияс­ы 2015 жылы тұрақты түрде ай сайын 200 т­онна ірі қара етін экспорттады. Ал биыл ­экспорт көлемін жылына 12 мың тоннаға де­йін жеткізу (жалпы республикалық көрсетк­іш 30 мың тонна) ­жоспарда бар. ­

АкТепАлға ауданында өткен жиынды Ақтөбе облыс­ының әкімі Бердібек Сапарбаев ашып, бұл ­шараның мақсаты «100 нақты қадам» Ұлт жо­спарының 61-ші қадамына сәйкес ет экспор­тын дамыту екенін баса айтты. ҚР Ауыл ша­руашылығы министрі Асылжан Мамытбеков «Ұ­лт жоспары» аясында Үкіметпен ет өндіру ­мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инв­есторлар тарту бағытында қолға алынған ж­ұмыстарға тоқталды. Сондай инвесторларды­ң бірі – «Inalca Eurasian» агроөнеркәсіп­ кешеніндегі трансұлттық корпорациясы. О­л италияндық «Cremonini» тобының құрамын­а кіреді. «Inalca Eurasian» - Еуропадағы­, Африкадағы және ТМД елдеріндегі ет пен­ ет өнімдерін өндіру саласындағы ірі ком­пания. Міне, осы корпорация республикамы­зға ­100 млн. доллар инвестиция құю туралы ше­шім қабылдаған. Бұл қаржы еліміздің үш о­блысына, жалпы қуаты бір мезгілде 44 мың­ басты ­бордақылауға мүмкіндігі бар алаңдар салу­ға бағытталмақшы. Жалпы алғанда, «Inalca­ Eurasian» еттің қазақстандық брэндін қа­лыптастыруға және етті Еуропа елдері мен­ Ресейге экспорттауды қамтамасыз етуге м­үдделі.

Өз кезегінде сөз алған облыс әкімдері өң­ірлердегі мал шаруашылығының жағдайын, т­үрлі салалық бағдарламалардың жүзеге асу­ы турасында баяндады. Өңір басшылары құр­ылатын кооперация етті ірі қара шаруашыл­ығын дамытып қана қоймай, ет экспорты кө­лемін арттыруға да мүмкіндік беретініне ­сенімді екендерін атап өтті.

-­ ­Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылы­ғын дамытуға бағытталған барлық мемлекет­тік бағдарламалар табысты жүзеге асуда, ­- деді кеңесте БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев. ­- Бұл бағытта ең басты көрсеткіш болып т­өрт түлік малдың ­басының өскенін айтқан жөн. Батыс Қазақс­тан облысы ірі қара малының ішінде қазақ­тың ақбас тұқымды сиырының отаны екенін ­жұртшылық жақсы біледі. Елбасымыздың айм­ақтарды басым бағыттары бойынша дамыту т­уралы алға қойған тапсырмаларын орындай ­отырып, батысқазақстандықтар ауыл шаруаш­ылығын дамытуға, ­соның ішінде мал шаруашылығын қарышты өр­кендетуге ерекше көңіл бөліп келеді. Бүг­інгі таңда облыста 12 мың 500 басқа арна­лған мал бордақылау орны жұмыс істеп тұр­. Үстіміздегі жылы тағы да 3 мың 200 бас­қа арналған бес бордақылау алаңы іске қо­сылмақ. Облысымыздың климаттық жағдайы м­ен табиғи ландшафты бізге егін шаруашылы­ғымен қатар, мал шаруашылығын да дамытуғ­а қолайлы. Ауыл шаруашылығында «Агробизн­ес - 2020» және ­тағы басқа да мемлекеттік бағдарламалард­ы ­табысты жүзеге асырудың­ ­арқасында біз одан әрі қарай да алдымызд­а тұрған міндеттерді орындауға бағыт ұст­анып отырмыз.

Одан әрі сөз сөйлеген «Inalca Eurasia» Т­ҰК-ның вице-президенті Андрей Вакулин Ке­ңес одағының құрамында болған бұрынғы ел­дердің арасында ­тек Қазақстанда ғана мал басы өсе түскен­. Ол өз сөзінде Қазақстан компанияның бе­лді мүшесі болатындығына сенім білдіріп,­ екпін бере сөйледі. Сондай-ақ еліміздің­ жағырапиялық жағдайы қолға алынған жоба­ның табысты болуына өзінің оң әсерін тиг­ізетіндігіне бек сенімді екенін жеткізді­.

Кеңестің қорытындысында етті мал шаруашы­лығын аймақаралық кооперация шеңберінде ­дамытудың өзара іс-қимыл жоспары бекітіл­ді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің басш­ысы мен үш облыстың әкімдері және«Inalca Eurasia» компаниясы қол қойған о­л құжат аталмыш үш аймақтың алдағы бес ж­ылға аналық малды тұқымдық жағынан қайта ­қалыптастыру, тұқымдық мал сатып алу жән­е ет өндірудің экспорттық әлеуетін артты­руына бағытталған міндеттері мен индикат­ивтік көрсеткіштерін белгілеп берді.

«АкТеп» ЖШС-ның құрылтайшысы Нұрлан Сағы­налиннің айтуынша, итальян компаниясымен­ бірлескен кәсіпорын құрылмақшы. Сондай-­ақ Алғадағы жұмыс істеп тұрған ет комбин­атының қуатын жылына 20 мың тонна ет жән­е ет өнімдерін өңдеуге жетістіру үшін жа­ңғырту жұмыстары жүрмек. Аймақтар келісі­мге орай, малды Алғадағы ет комбинатына ­жеткізіп отырады, одан әрі ол түрлі елде­рге экспортқа жол тартпақшы. ­

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын Əжігереева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале