25.11.2015, 19:01
Оқылды: 109

Айтқали Нәріковтің «Таусылмайды өлеңдегі өрісім...» атты шығармашылық кеші өтті

Narikov 01           Бүгін Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және  өнер орталығында, ақын Қазақстан  Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы мәдениет саласы үздігі Айтқали Нәріковтің «Таусылмайды өлеңдегі өрісім...» атты шығармашылық кеші   өтті.

Кештің кейіпкері ақын, Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі Айтқали Нұрышқалиұлы Нәріков 1940 жылы 20 маусымда Тасқала ауданының Киров ауылында дүниеге келген.


 

Айтқали Нәріковтің топтама өлеңдері 1969 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Жас керуен» деп аталған ұжымдық жинақта жарық көрген. 1992 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы «Аққұс» қауымдастығы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесі басқармасының төрағасы, облыстық теледидарда жұмыс істейді.

Кеш барысында ақынның туған жер, жастық шақ, махаббат, өмір туралы өлеңдерін Махамбет атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Құрманғазы атындағы саз колледжінің, Орал мұнай, газ және салалық  технологиялар колледжінің,  Батыс Қазақстан   студенттері  оқыды.

Narikov 02

Ақынның көптеген өлеңдеріне жерлес композиторлар ән де жазған. Кеште  облысқа белгілі әншілер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артистері Қанатқали Қожақов, Жұмағаным Рахимова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Ғ.Құрманғалиев атындағы филармония әншісі М.Әмірханов  жерлес композиторлар Еркін Нұрымбетовтің, Әділбек Сүлейменовтың, «Ұстазыма»,  «Жылдар-ай», «Ағаларды еске алу» әндерін шырқады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале