31.03.2016, 18:29
Оқылды: 28

Алаш қозғалысының 100 жылдығы қалай өтпек?

Shagatai      Осы сауалдың аясында бүгін «Жайық Пресс» ЖШС-нің мәжіліс залында «Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай келер жылы Батыс Қазақстан облысында қандай шаралар ұйымдастыруға болады?» деген тақырыппен дөңгелек үстел өтті.

      Басқосудың негізгі мақсаты – биылғы Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын, келер жылы Алаш қозғалысының 100 жылдық мерейтойын облыс көлемінде атап өтудің  жолдарын қарастырылып, құзырлы мекемелерге ұсынбалар ұсыну.


     Шарада  «Жайық Пресс» ЖШС  бас директоры Жантас Сафуллин төрағалық етіп, тарихшы-ғалымдар, облыстық өлкетану музейі мен мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, тарих және археология орталығының өкілдері өзара ой бөлісті.

      Басқосуда зиялы қауым өкілдері Алаш қозғалысының 100 жылдығына байланысты Орал қаласының көшелеріне Алаш тұлғаларының есімін беру, Зашаған шағын ауданында арнайы аллея ашу, Батыс Алашорданың ордасы Сырым ауданына ауданына экспедиция ұйымдастыру, қала көшелеріндегі баннерлерді жаңарту сияқты мәселелер алға қойылды. Осы жұмыстар аясында облыс орталығында жаңа музей құрылысының жобасын дайындау кезек күттірмейтіндігі айтылды. Сондай-ақ Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай тарихи зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оған жастарды тарту арқылы мұрағаттардан тың деректер табуды, облыстық жастар форумын өткізуді ұсынды.  Бұдан бөлек, ғасыр басындағы зобалаң жылдардың көрінісін бейнелейтін, айтылмай қалған немесе күні бүгінге белгісіз себептермен жетпей қалған жыр-термелерді халыққа насихаттап, көшпелі концерт ұйымдастыру туралы да пікірлер құпталды. Жиында зұлмат жылдардағы өңірдің баспасөз тарихын түбегейлі зерттеп, кітап етіп шығару ісі қолға алынып, ол бағыттағы жұмыстардың жүйленіп келе жатқандығы да тілге тиек етілді.

     Айтылған ұсыныс-пікірлер хатқа түсіріліп, алдағы уақытта жауапты мекемелерге жолданатын болады.

     Ақпараттың толық нұсқасын «Орал өңірі» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале