17.02.2016, 18:55
Оқылды: 31

Алаяқтар әрекеттерінен сақ болыңыз!

UVD Telefon   Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті облыс және қала тұрғындарын алаяқтық әрекеттерден сақ болуларын ескертеді.

Таяуда Батысқазақстандық тәртіп сақшылары телефонды сұрап, артынан ұрлап әкету қылмысымен  айналысатын алаяқтарды да қолға түсірген.


Соның бірі қаңтар айында белгісіз біреу орталық «Мирлан» базарында 2000 ж.т. қаладағы кәсіптік лицейлердің бірінде оқитын 1-курс студентінің сеніміне кіре отырып, «Нокиа-Н8» және «Нокиа акция» маркілі телефондарын қолды қылған. Жүргізілген іс-шаралар барысында 18 жасар жігіт анықталып, ұсталды деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметінен Асылай Ғұбашева.

Егер кімде-кім көшеде сізден біреуге хабарласпақшы болып қалта телефонынызды сұраса, бірден сеніп қалмаңыз. Дұрысы, бейтаныс адамға көмектескіңіз келсе, танымайтын бөгде адамға қалта телефоныңызды бергеніңізден гөрі, өзіңіз нөмірін  теріп, қоңырау шалғаңыз жөн.

Тағы бір жағдай қоғамдық көліктердің бірінде орын алады. 27 қаңтар күні белгісіз жас жігіт қоғамдық көлік ішінде 1981 ж.т. азаматтан шұғыл түрде  біреуге хабарласу керектігін айтып, қалта телефонын сұрайды. Жас жігіттің арбауына ілінген әлгі ер азамат телефонын ойланбастан бере салады. Кенет келесі аялдамалардың бірінде көлік есігі ашылған кезде жігіт байқатпай көліктен шығып кетеді. Ал, жәбірленуші санын соғып қала береді.

Осыған ұқсас жағдайлар көңіл көтеру орындарында да көптеп кездеседі. Жуырда, «Зауре», «Жаным» секілді кафелерде белгісіз біреулер келушілердің ұялы телефондарын сұрап,  «қоңырау шаламын» деп алып көзден ғайып болып кетеді. Қолданылған шаралар барысында тәртіп сақшылары аталған қылмыстық істерге барған жасы үлкен бірі - 1971 және екіншісі - 1957 ж.т. азаматтарды анықтап, қолға түсірді.

Қазіргі кезде осыған сәйкес оқиғалар көптеп орын алуда.

Сондықтан бұндай жағдайға тап болған кезде тікелей «102» нөміріне қоңырау шалуыңызды немесе бірден ішкі істер органдарына хабарласуыңызды сұраймыз. Барлық хабарламалар белгіленген тәртіпте қаралатын болады.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале