7.06.2016, 17:00
Оқылды: 48

«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

 

?????????????????????????????????????????????????????????

Бөрлі ауданы бойынша мектеп бітірген 269 түлектің 227-сі  Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан болатын. Осылайша 13 мектептің түлектері білімдерін сынады.


    Тестілеу қорытындысы бойынша орташа балл – 87,44 балл. Аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Лаура Маметанованың айтуынша, бұл облыс көрсеткішінен жоғары болып отыр. Шектеулі балл (50) жинай алмаған оқушы саны - 13. Ал 50 түлек 100-ден жоғары балл жинап отыр. Биыл «Алтын белгіден» үміткер болған 13 баланың алтауы сәтті қорғап шықты. Яғни №3 ЖОББМ-тен Нажимов Тимур, №4 ЖОББМ түлектері Уразбаев Абзал мен Бурпиева Дина, №5 ЖОББМ-тен Асанов Тахир, №6 ЖОББМ-тен Тынымова Фаруза мен Бөрлі жалпы орта білім беретін орыс мектебінің түлегі Нұрбаева Қымбат «Алтын белгі» иегерлері атанды. Сонымен қатар биылғы ҰБТ-да аудан бойынша ең жоғары 119 балдың иесі де Асанов Тахир. Ал «Алтын белгі» алу үшін «Қазақстан тарихы»  пәнінен бір балдан жетпей қалған 4 түлек – Баймуканов Сүйінбек (№4 ЖОББМ), Қызылтал ЖОББМ түлегі Куликеш Мерген, №5 ЖОББМ-тен Нияр Гауһар мен Кенжалиева Камила ережеге сәйкес «Үздік аттестатқа» ие болды.

www.zhaikpress.kz
БӨРЛІ АУДАНЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале