2.06.2016, 12:01
Оқылды: 28

"Ана мен бала" монументінің ашылу салтанаты өтті

Kaztalov Akpaterdin tarihina ymitilmas tarih bolip enedi  1 маусым күні Ақпәтер ауылында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Ана мен бала" монументінің ашылу салтанаты болды. Бұл монументті салуды ұйымдастырушы облысымызға белгілі ардагер ағамыз Кәрім Өтеғұлов, Ол ел үшін Ақпәтер тарихи - өлкетану мұражайын ашса, елдің елдігін көрсететін, жас ұрпаққа үлгі болатын " Ана мен бала" монументінің өмірге келуіне негіз қалады.


   Монументтің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Дәулеткерей Құсайынов, еңбек ардагері Кәрім Өтеғұлов,- аналарымыздың аяулы бейнесін сомдаған бұл монумент үлкен ой салары анық. Ана мен бала бейнесі - бұл адамзат бейнесі, мәңгілік өмір дастаны болып табылады,- деді. Монументтің ашылу салтанатында музыкалық- әдеби шара ұйымдастырылды.

  Сондай-ақ 1 маусым күні Ақпәтер ауылында «Балаларды қорғау» күніне орай мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен «Балалар әлемі» атты мерекелік шара оздырылды. Осы мерекелік шара әдеттегіден өзгеше болды. Бұнда жасөспірімдер және бүлдіршіндер концерттік бағдарламамен қатар түрлі ойындардан соның ішінде ұлттық ойындардан көріністер қойылды. Бұнымен қатар оқушылар түрлі аңдардың кейіпкеріне еніп, шараның мәнін одан әрі аша түсті.

    Ал, осы шараны жүргізген кім дейсіз? Ақпәтерден түлеп ұшқан өнер жұлдызы Тұрсынбек Қабатовтың қызы - Әдемі. Әкенің бойындағы талант Әдеміге де дарыған. Әдемінің мерекелік шараны жүргізу шеберлігі республика сахнасындағы жас жүргізушілерден бірде-бір кем емес. Яғни, бұл таланттар, дарындылар ауылдан өседі деген ұғымды береді. Олай болса Әдеміге болашақта Тұрсынбек әкесіндей елдің атын шығаратын өнер жұлдызы болуына тілекшіміз.

www.zhaikpress.kz

Әсем БОЛАТ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале