3.05.2016, 11:04
Оқылды: 23

Ардагерлер арасында шахматтан аудандық жарыс өтті

 Bokei shahmat    Бөкей Ордасы аудандық мәдениет үйінде спорт ардагерлері арасында шахматтан спорт шеберіне кандидат Ерғазиев Өмірбек Ишанғалиұлын еске алуға арналған аудандық жарыс өтті. Шара аудан әкімдігі, аудандық ардагерлер ұйымының қолдауы, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруы және марқұмның Орал қаласында тұратын бажасы, облыстық мәслихат аппаратының басшысы, жерлесіміз Абат Сұлтановтың демеушілігімен оздырылды.


     Бас төреші Рафаэль Денгизбаев ойын швейцарлық жүйе бойынша бес турдан тұратынын хабарлады. 14 ойыншы қатысқан жарыста ордалық Маржан Махметова І, оның ауылдасы Кенжек Сиранов ІІ, сайқындық Серік Таңатов ІІІ орындардан көрінді. Жеңімпаздарды аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы құттықтап, баршасына жүлделерін табыстады. Қалған қатысушылар да Абат Таһаұлының ынталандыру сыйлығын иеленді.

www.zhaikpress.kz

А.ХАМЗИН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале