13.08.2015, 16:28
Оқылды: 27

Ардагерлер есеп берді

ардагерлер (1)Жалпақтал, Қараөзен, Ақпәтер, Талдықұдық ауылдық округтердің ардагерлер бастауыш ұйымдарының төрағалары өздерінің есеп беру жиынын өткізіп, баяндама жасады. Бұл жиынға аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев қатысты.

Сонымен қатар болған кездесулерде Елбасының «Ұлт болашағы 100 нақты қадам» жоспарын жүзеге асыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары да жүргізілді.

Ауылдық ардагерлер ұйымдарының төрағалары Шынболат Өтешқалиев, Болат Бекешев, Кәрім Өтеғұлов, Ермек Аманғалиев ауылдық округтердегі мұрындық болған шаралар мен тәлім тәрбиелік жұмыстарды қамтыған кең көлемдегі хабарламалар тыңдалды.

Түске дейін Жалпақтал ауылында болған кездесуде Жақия Мусин, Кенжебай Үмбетов, Жаңыл Құспанова, ал Қараөзен ауылындағы есеп беру жиынында Өмірзақ Таутентегі сөз алып, оң шешімін таппай тұрған мәселелерді тілге тиек етті. Ардагерлер төраға жұмыстарына қанағаттанарлық бағаларын беріп, ұйым төрағалығына Шынболат Өтешқалиевты, Болат Бекешовті қайтадан сайлады.

ардагерлерАл түстен кейін болған Ақпәтер, Талдықұдық ауылдарындағы кездесуде Кәрім Өтеғұловтың, Ермек Аманғалиевтың есеп беруінен кейін сөз алған Амантай Дүйсенғалиев, «Нұр Отан» БПҰ төрайымы Балия Жұмағазиева, талдықұдықтық Айсұлу Иманғалиева, Гүлнар Рахова өз ой-пікірлерін білдере келіп, төраға жұмыстарына оң бағаларын берді.

Қос округтің ауылдық арддагерлер ұйымының төрағалары Кәрім ағамыз бен Ермек ағамыз өз өтініштері бойынша әлі де болса ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласатындықтарын айтып, Ақпәтер ауылдық ардагерлер ұйымының төрағалығына Жақсылық Жұмағалиевтің, Талдықұдық ардагерлер ұйымының төрағалығына Асқар Ғазизовтың кандидатураларын ұсынды. Ардагерлер қос үміткердің кандидатураларын қабылдап, дауыстарын берді. Бұған дейін төраға жұмыстарын абыроймен атқарған Кәрім ағамыз бен Ермек ағамызға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев өзінің ризашылығын жеткізіп, рахметін айтты.

Кездесуде сөз алған аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев ардагерлерге еліміздің болашағын тәрбиелеуде, кем-кетікті түзеуде жол сілтеуден еш жалықпай, алдыңғы қатардан көрініп жүргені үшін алғыс сезімін білдірді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

 «Ауыл айнасы»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале