29.06.2015, 18:24
Оқылды: 29

Ардагерлер редакция ұжымын құттықтай келді

Janibek Ardagerler redakcia yjimin     Бүгін ардагер ағаларымыз, бұрынғы «Октябрь туы»  газетінің жауапты хатшысы Болат Закарин,  «Шұғыла» газетінде тілші болып еңбек еткен  тілші, ҚР Журналистер одағының  мүшесі Мертен Кенжеғалиев, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бекет Әліпқалиев ағалар баспасөз қызметкерлерінің төл мерекесімен аудандық «Шұғыла» қоғамдық –саяси газетінің  ұжымын құттықтап, редакцияға келді.

Биыл аталып өтіп жатырған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы аясындағы мақалалар топтамасын үзбей жариялап, тек науқандық шара деңгейінде қалып қоймай, мұрағат құжаттарымен тақырыпты  індете зерттеген тілшілер еңбегіне жеміс тілеген ардагерлер   сапалы полиграфия, жаңа дизайндық үлгісі көз тартар газеттің  ішіндегі мақалалары да  шынайылығымен, тілінің шұрайлылығымен, мағынасының тереңділігі әрі тақырыпты таңдау ауқымдылығының әр алуандығымен ерекшеленетіндігін баса көрсетіп, оқырмандарыңыз көп болсын дей келе, әр қызметкерге мықты денсаулық,отбасылық бақыт, елімізге тыныштық,  ұжымда  қалыптасқан бірлік пен ырыстың  нығая беруіне, газет ұжымына шығармашылық табыс, ізденіс тілеген ақжарма көңілдерін жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ҒАРИФОЛЛАҚЫЗЫ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале