2.09.2015, 10:27
Оқылды: 20

Армат алған асулар

АрматАрмат Максимұлы Марат қазір 14 жаста. Ол 5 жылдан бері Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс тобында шұғылданып келеді. Мұғалім боп істейтін ата-анасы былғары қолғапты сүйетін ұлдарына әрдайым қолдау көрсетуде.

Тәртібі үлгілі, зиянды әдеттерден аулақ Армат бүгінге дейін 20-дан астам жарыста жүлде алды. Аудандық және облыстық жарыстардағы табыстарын айтпағанда, соңғы жылдары 6 халықаралық турнирде 8 рет І орын, қалааралық және 5 республикалық турнирде 7 рет І орын иеленді. Ресейдің Саратов, еліміздің Ақтөбе, Алматы шаһарларының, Оңтүстік Қазақстан облысының шаршы алаңдарында танылған оны алыстағы спортсүйер қауым «болашағы зор спортшы» деп бағалаған.

Өзін әрдайым спорттық бабында ұстайтын Армат Максимұлын үй-іші, құрдастары, мектебі, жаттықтырушылары лайықты түрде мақтан тұтады.

www.zhaikpress.kz

Ерлан ХАМЗИН,

жаттықтырушы

ЧАПАЕВ кенті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале