24.03.2016, 13:08
Оқылды: 24

«Армысың, әз-Наурыз!»

UVD Nauriz meirami   Наурыздың 22 күні Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінде «Армысың, Әз-Наурыз!» атты іс-шарасы оздырылды деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметінен Асылай Ғұбашева.   


«Армысың, Әз-Наурыз!» осынау атау көкейімізде жатталып қалғандай. Өйткені, бұл атаумен Наурыз мерекесіне орай шара өткізу ІІД-де дәстүрге айналғалы міне, бірнеше жыл болды. Соның жалғасы іспетті биыл да департамент басшылығының қолдауымен осындай шара оздырылды. Шараға  барлық бөліністер барынша ат салысты. Бірнеше бөліністер топтасып, мейрамның қызығын арттыруға бар өнерлерін салды. Наурыз мерекесіне орай арнайы дастархан дайындалып, ұлттық киімдермен сәнденіп, тамаша мерекелік бағдарлама әзірленді.

Бағдарлама барысында арамыздағы күміс көмей әншілеріміздің қазақтың қара домбырасымен орындауындағы қазақи әндер, түрлі «Арқан тарту», «Сақина салу» секілді қазақтың ойындары  кештің ажарын аша түсті

Жайылған мерекелік дастарханның үстінде қазақтың ұлттық тағамдарының түр-түрі қойылды: «Наурыз көже»,  бесбармақ, қымыз, құрт, қаймақ, қазы-қарта, жал-жая, т.б. бәрі дерлік дастархан үстінен табылды. Тіпті, дастархан үстінде ерекше ұлттық нақышта оюмен өрнектелген тағамдар дастарханға ерекше сән беріп тұрды.

Департамент басшылығынан құрылған қазылар алқасы әр топқа тура да әділ бағасын қойып отырды.

«Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын! Көктем айымен қатар даламызға жаңа жыл келді.Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Жаңа жылда тек жақсылықтар, қуанышты сәттер көп болғай! Отбасымыз аман, қызметіміз табысты да жемісті болсын», - деген тілектерін жеткізді ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Утеулин Берік Мұхамбетқалиұлы өз сөзінде.

Сайыс соңында сөз алған қазылар алқасы мұндай іс-шаралардың тәрбиелік мәні зор екенін айта келе, қатысушыларды құттықтап, Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған шараға белсене қатысып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтауға, насихаттауға қосқан үлестері үшін соңында әзірленген барлық топтарды  «Үздік дастархан мәзірі», «Үздік Наурыз көже», «Үздік ұлттық тағам» секілді номинацияларымен марапаттап, шараға белсене ат салысып, өнерін көрсеткер бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале