24.06.2015, 13:11
Оқылды: 18

«Астрадор» және «АСФА» Ақжайық ауданында «жүр»

Akjayik astardor    Ақжайық ауданының орталығында – Чапаевтағы Республика және Хамза Есенжанов көшелерінің жолы жаңарады. Оны оралдық мердігер «Астрадор» ЖШС өз міндетіне алып отыр. Қазір жұмыс басталды. Ұзындығы 2,8 километр болатын жұмысқа 221 млн.теңге бөлінді. Орал – Атырау жолынан Чапаевқа кірме жолдың жөнделетіні жұртты ерекше қуантып отыр. Германдық «WIBTGEN» машинасы ескі жол бетін 10 см. тереңдікте сылып алуда. Күрделі жөндеудің сапалы боларына бір кепіл осы.

– Қазір 12 адам жұмыс жасауда. Болашақта 20 шақты жұмысшылар болады, - дейді учаске басшысы Николай Щегиов. - 4 «КамАЗ» да тоқтаусыз жүруде.

Ал Тайпақ ауылында оралдық “АСФА” ЖШС 1,6 километр жолды орташа жөндеуге кірісті.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале