11.09.2015, 19:47
Оқылды: 41

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»

Өңір тұрғындарын қауіп-қатерден сақтандырып, төтенше жағдайлардан аман жүруіне ықпал етіп келе IMG_2281 (1)жатқан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мәдени өмірде де белсенділік көрсетті.

Олар жұма күні қазақтың ұлы ойшылы,  ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына байланысты «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты әдеби шара ұйымдастырды.

Бұған жедел құтқару отрядының, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің және «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының командасы қатысты.

Бұдан соң сайысқа қатысушылар «Өлең–сөздің патшасы», «Абайдың қара сөздері», «Абай жолы» романынан театрландырылған көріністер және данагөй ақынның сырлы әуендерін орындаудан сайысқа түсті.

Төтеншеліктер ұйымдастырған бұл мәдени шараға М.Өтемісов атындағы БҚМУ университеті филология факультетінің профессоры Серікқали Шарабасов бастаған әділқазылар алқасы жоғары баға берді. Алқа шешімі бойынша аталмыш сайыста бірінші орынды «Өрт сөндіруші» АҚ Батыс Қазақстан филиалының қызметкерлері  жеңіп алса, екінші орынды Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары иеленді. Ал үшінші орын облыстық Төтенше Жағдайлар департаменті қызметкерлеріне бұйырды.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале