25.08.2015, 18:49
Оқылды: 22

Аудан басшысы бір топ ғалымдарды қабылдады

галымдар (1)Бүгін Жаңақала ауданының әкімі Л.Хайретдинов тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сыдықов бастаған бір топ Ресей, БҚО ғалымдары мен профессорлары және облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айгүл Есекенованы құрметпен қарсы алды.

галымдарАуданымызға келген меймандар алдымен дәулескер күйшілер Тұяқберді мен Мәмен күйшінің басына тәу етіп, кейін аудан орталығындағы рухани орталықтарды аралады. Елдік рухына баланатын «Тастөбе шайқасы» монументі, «Бөкей көші» ескерткіштерінде болып, рухты ұрпақтың ұлттық құндылықтарымен танысты. Одан кейін меймандар орталық алаңдағы «Ерлікке тағзым» ескеркішіне гүл шоғын қойып, «Күйшілер аллеясында» естелік суретке түсті.

Кейін меймандар аудан көркемөнерпаздарының концертін тамашалап, қара домбыраның шанағынан төгілген күй мен әсем әнге бөленді. Аудан басшысы киелі күйшілер мекені Жаңақалаға келген меймандарға «Қош келдің» айтса, тарихты тереңнен шерткен ғалымдар тобы риясыз көңілдерімен ерекше ықылас танытқан аудан басшылығы мен тұрғындарына алғыс айтты.

www.zhaikpress.kz

Н.Есетова

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале