29.10.2015, 19:34
Оқылды: 27

Ауыл әкімі кәсіпкерлермен кездесті

касипкер (1)Бүгін Жалпақтал әкімшілігінің мәжіліс залында ауыл әкімі Самиғолла Ақмурзин кәсіпкерлермен бас қосты.

«Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге өте жоғары дәрежеде қолдау көрсетілуде. Жалпақтал ауылындағы кәсіпкерлер өз бизнестерін дамыту үшін біркелкі жұмыстар атқаруда. Бұрыңғыдай тауар тасымалдауда еш қиындық көрмейді деп ойлаймыз. Себебі асфальт жолымыз жылдан-жылға жақындап келеді» деген кәсіпкерлер кездесуде ауыл әкіміне өздерінің сұрақтарын, пікір-ұсыныстарын айтып, нәтижелі жауаптар алды.

касипкер-Қазіргі уақытта орталық көшелерімізде мейрамханалар және басқа көшелерде орналасқан жеке дүкендердің айналасын көріктендіріп, жарықтандыруға өз үлестеріңізді қосаңыздар деймін. Сонымен өз ғимараттарыңызды талапқа сай көріктендіріп, алдына тал, гүл егу және түнгы жарық орнатылса қандай керемет. Ауылымызға сән беріп тұрады. Қай ауылдың тұрғынын алсақ та, таза ауамен демалып, ластанбаған, көрікті ортада өмір сүргісі келеді. «Тазалық-денсаулық кепілі» демекші, салауатты өмір салтын ұстану – өзіміздің қолымызда. Сондықтан жа барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыла еңбектенсек, ауылымыз одан сайын дами түседі,-деді ауыл әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы.

www.zhaikpress.kz

Аман АТАБЕК

Жалпақтал ауылы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале