12.02.2016, 19:30
Оқылды: 29

Ауған арландары

 Borli Uspen Augan  Бөрлі ауданы Успен селолық мәдениет үйі мен мекемелерінің ат салысуымен өткізілген «Ауған арландары» атты шара, ағаларымызға деген құрмет-қошеметі көрсету кеші  болып өтті.


Ауылымыздың әкімшілігінің қолдауымен, қатар, мектеп ұжымымен Мәдениет үйі өнерпаздарының бірігуімен атқарылды. Ауған соғысы ардагерлерінің аудандық ұжымының төрағасы Бектимиров Жетпісбай Жүнүсбекұлы бастап жеті ардагер қонағымыз болып барлық ағаларға деген дайындап қойған мерекеге қошемет көрсетті. Успен мәдениет үйіміздің директоры барлық қонақтар мен мектеп оқушыларын «Сап түзе», «Тік тұр» командасын беріп даклад берді. Мереке қонақтарының арасында ауылымыздың ағасы, ауған соғысының ардагері Ешкеев Ғалымжан ағамыздың анасы Сұлу анамыз, және ағасы Ешкеев Кенжеғали, ауған ардагері Абдрахманова Қайша апамыз болатын, сол ауған соғысында қазаболған бауырлас ағаларымызбен ауыл ағасы Ғалымжан ағамызды орнымыздан тұрып баршамыз «бір» минуттық үнсіздікпен еске алдық. Ауыл әкімі Ғ.Зайнуллин мырза ауыл ақсақалы К.Ешкеев,  келген қонақтарға өз  алғыстарын білдіріп рахметтерін айтса, Ауған соғысы ардагерлерінің  төрағасы Ж Ж. Бектимиров мырзамен Қ. Абдрахманова апамыз барша ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын жеткізді. Шара ағаларымыздың құрметіне  арналған,  өнерпаздарымызбен мектеп оқушыларының дайындаған концертттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Марат ағамыз «Жастық шақ», Армат, Эльмира,  Ернар сынды әншілеріміз «Қазақстан бақыты» «Өлең жолы»  әндерін жолдаса, ал мың бұралған Наз қоңыр би тобының бишілері Қазақ, Айгөлек, билерімен қонақтарды тәнті  қылды.  Мерекелік шара ауыл тұрғындарымен қатар Ауған ардагерлеріне, ойымызда  естелік болып қалатын бір кеш сыйлады деп сенеміз. Осындай мерекелі шараларға ат – салысып спонсорлық көмегін көрсетіп жүрген «НҰР» шаруа қожалығының басшысы Светлана Бурханова Маутееваға шексіз алғысымызды білдіреміз.

www.zhaikpress.kz

А. Абдрахманов

Успен селолық мәдениет үйінің директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале