9.12.2015, 19:18
Оқылды: 20

«Ашық есік» күні

Shingirlau tilekkabil  Шыңғырлау ауданында мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі бойынша 9 желтоқсан - Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне  байланысты, «Ашық есік» күні және құқықтық оқу іс – шаралары ұйымдастырылып өткізілді.

   Шара барысында мәдениет саласы қызметкерлері мен азаматтардың арасында сенімді қарым-қатынас орнату және сыбайлас жемқорлықпен қарсы күреске белсенді атсалысуға шақыру мақсатында, Әділет басқармасының  Шыңғырлау ауданындағы өкілі Е.Тілекқабыл шақырылып, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша құқықтық және заңгерлік кеңестер берілді.

   Сонымен қатар аудандық орталық кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорлықпен күрес ортақ парызымыз» - атты сөре көрмесі ұйымдастырылды.

www.zhaikpress.kz

Шыңғырлау ауданы

С.Бисенғалиева

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале