15.10.2015, 11:30
Оқылды: 21

«Ашық есік» күні өткізілді

нур отанҚошанкөл ауылдық округінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының «Ашық есік» күні өткізілді.

Ашық есік күніне «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, аудандық мәслихат депутаты Мейірбек Рамазанов қатысты. Бұл күні аудандық партия филиалының өкілдері әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Бұдан кейін ауыл активімен кездесу жиналысында Қошанкөл ауылдық округі «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мирбол Адаялиев партия ұйымында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде хабарлама жасады.

Қазіргі күнде бастауыш партия ұйымында 115 мүше бар. Республикалық интернет-сайтта ұйымның 5 жұмысы жарияланып, таратылуда. Сондай-ақ биыл «Болашаққа салым саламыз» акциясы негізінде 2 асыраушысы жоқ балаға есепшот ашылып, қамқорлық көрсетілуде. Бұл бастауыш партия ұйымының жұмысы аудан көлемінде үлгілі деуге болады.

Ашық есік күнінде 3 адамға партиялық билеттер табысталды.

                 www.zhaikpress.kz

Гүлфия Көшбаева

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале