24.08.2015, 15:20
Оқылды: 18

АҚЖАЙЫҚТЫҚ АҒАЙЫННЫҢ ЫҚЫЛАСЫ АЙЫРЫҚША

жубан ескерткишиТорқалы тойға топ болып бет алған автошерушілерді Ақжайық ауданында ерекеше құрметпен қарсы алды.

жубанАудан басшысы Әділ Жоламан бастаған ақжайықтық ағайын аудан орталығы Чапаев кентіндегі Жұбан алаңында сап түзеді.

Шеру мүшелері ақиық ақынның ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті.

Автошеру мүшесі, тарихшы Жаңабек Жақсығалидың тарихтан керемет мысалдар келтіре сөйлеген рухты сөзі жиналғандардың жүрегіне жетті.

чапаййТүс ауа жолға шыққан "Жайық қаласынан Хан ордасына дейін" автошеруі Құрманғазы мен Динаның елі - Жаңақала ауданына бет алды. 

www.zhaikpress.kz

Айгүл Ахметова

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале