7.07.2015, 10:31
Оқылды: 19

Ақжайық ауданында «Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы» атты мерекелік кеш өтті

Akjayik astana kyni Ақжайық ауданының ауылдарында елорда күніне арналып осы және басқа да тартымды тақырыптарда кездесулер, кештер, дәрістер өтті. Бұлардың мазмұнында қысқа мерзімде құла даладан құбылаға бет түзеген, сәні мен салтанаты жарасқан жаңа астана тұрғызу Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың нартәуекел еңбегінің жемісі, қазақстандықтардың ерлігі  екені жарқырап тұрды.

Аудан орталығы Чапаевтың басты алаңында «Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы» атты мерекелік кеште жиналған қалың қауымды аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтады. Ол жаңа елордамызбен бірге кең байтақ еліміздің бүкіл тыныс-тіршілігіне серпіліс келгенін, Астана Алаштың бүгінгі және болашақтағы бүкіл бағының кепілі болып отырғанын баяндады.

Ауданның сексеннен тастам түлегі бүгінде ару Астананың жоғарғы, беделді оқу орындарында оқиды. Алаңға жиналғандарды солардың бір топбы және басқа қалаларымызда,  көршілес елдерде оқитын түлектер құттықтады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале