22.09.2015, 14:02
Оқылды: 38

Ақжайық ауданында дәстүрлі көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

Akjayik dastyrli korkemsoz okularinin bairaui    Қазақстан халқының тілдері айлығына орай көркемсөз оқу шеберлерінің дәстүрлі «Мәнерлеп сөйлеу – мәдениеттілік мәйегі» атты байқауы Ақжайық ауданында өтті. Мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірде қолданылу аясын кеңейту, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатын көздейтін бұл айтулы шараға ауылдардан 12 жас қатысты. «Желтоқсан жебесі» атанған ақын Жұбан Молдағалиевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу, драмалық шығармалардан монолог оқу, образды сомдау секілді шарттарға олардың жауапкершілікпен дайындалғаны айқын сезілді.

Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сынды сөз зергерлерінің туындыларынан монологтар таңдауға да олар талғаммен келді.

Сан түрлі тақырыптағы лирикалық шығармаларында туған жер, Отан, өз ұлтына деген сүйіспеншілік, қазақ тілі, оның тағдыры, ана, әйел, махаббат, соғыс және бейбітшілік тақырыптарын, замандастар бейнесін арқау еткен Ж.Молдағалиевтың жырларына сүйіспеншілік те тіпті алаулағаны қалың көрермен-тыңдарман қауымды ерекше сүйсінтті.

Айтулы байқаудың қорытындысында І орынды Тайпақ ауылынан Аружан Махамбетова, ІІ орынды Жаңабұлақ ауылынан Гүлбақыт Дүйсен, ІІІ орынды Будариннен Гүлмаржан Алипова мен Чапаевтан Ақбота Ерболатова иеленді.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале