16.06.2015, 8:58
Оқылды: 14

Ақжайық ауданында Республикалық «Условник» деп аталатын профилактикалық шара барынша тегеурінді өтуде

Akjayik tyrme    Маусым айының 15-інен бастап Ақжайық ауданы көлемінде де бас бостандығын айырусыз жазаларға сотталғандар мен профилактикалық есепте тұратын тұлғалардың тарапынан болатын қылмыстардың, құқықбұзушылықтардың алдын алу, әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау жөніндегі Республикалық «Условник» деп аталатын профилактикалық шара барынша тегеурінді өтуде.

Осы шара басталғалы Чапаев ауылында тұратын 2 азаматқа жаза өтеу тәртіптерін бұзуына байланысты қоғамнан оқшаулаусыз жазаны бас бостандығын айыру жазасына ауыстыру жөніндегі құжаттар сотқа жолданды. Былтыр қоғамнан оқшаулаусыз, яғни, жеңіл жазаның қадірін білмей, көп «еркелеп» кеткен 5 адам бас бостандығынан айырылған еді.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале