14.07.2015, 12:34
Оқылды: 27

Ақжайық ауданы әкімдігі ауызашар берді

Akjayik auizashsar Қасиетті Қадір түні алдында Ақжайық ауданының әкімдігі Чапаевтағы ораза тұтушылар үшін ауызашар берді. Ауызашарға емен-жарқын көңіл-күйде жиналған үлкен-кішіні аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтап, сөз сөйледі.

Аудан мешітінің бас имамы Ерлан Әйтенов дұға оқып, Оразаның, Қадір түнінің рухани жаңаруға үндейтін қуаты жайында баяндады. Ақсақал Жігербай Қажығалиев, «Батыс Марқа Ламб» ЖШС директоры Бақытжан Кескінбаев, кәсіпкер Құрманғазы Жақсыбаев және басқалар осы шараны ұйымдастырған аудан әкімдігіне алғыстарын арнап, ауыл-еліміздің бүкіл игі-мақсатына Алла сәтін сала бергей деген тілектерін айтты. Осы кеш құрметіне көркемөнерпаздар ән әуелетіп, күй күмбірлетті. Айтыс ақындары Әсет Бисенғалиев пен Самат Мұханбетжанов дәмді сөзсайысына түсіп, жиналғандардың көңілін және сергітті.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале