19.08.2016, 12:57
Оқылды: 21

Ақжайық ауданы әкімінің «Ашық есік» күндері

????????????????????????????????????

   Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламановтың ауылдардағы «Ашық есік» күндері жалғасуда. Бударин ауылдық округінде айталық, 4 тұрғын өздерінің кәсібін ашуға байланысты мәселемен жолықты. Әкіммен бірге осы және Жаңабұлақ ауылдық округінде көптеген сұраққа бөлім, мекемелер жетекшілері жауап берді.


    Жүздесулерде мысалы, мал кеселдерімен күресті тегеурінді жүргізу жайы да көтерілді. Дәрі-дәрмекті игеруді басты назарда ұстау керек. Бруцеллезге қарсы «РВ-51» испандық нұсқаның және америкалық нұсқасының айырмашылығы жоқ екенін анықтама құжатымен танысқанда түсінуге болады. Бағасы күні бүгінге 1 дозасы – 650 теңге. Осыған байланысты жұртпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Будариндік шаруа қожалықтарының, басқа да мал иелерінің жұмылуымен биыл осы күнге дейін түліктің түрлі ауруына қарсы 5771 ірі қара, 22000 бас уақ жандық егілген. Жоғарыда аталған «РВ-51» вакцинасы қалай қолданылатыны жөнінде оқып-үйрену жүргізілсе, құба-құп.

   Бударин ауылдық округінің орталығында аудан басшысы «Мектепке жол» акциясына қатысып, жиналғандарды құттықтады. Бұл шара барысында 26 оқушыға еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер оқу құралдарын, киімдер тапсырды.

   Жаңабұлақ ауылдық округінің шалғай жатқан Қосшығыр елдімекенінде 10 отбасы тұрады. Қосшығырлықтар көтерген ауыз су мәселесіне байланысты су көзін зерттеу жүргізілетін болды.

   Аталған окургтерде Жер кодексінде мораторий жарияланған мәселелер бойынша да пікір алмасылды, ауданда кейбір шаруа қожалықтарынан тиімсіз пайдаланғандықтан қайтарылған алқаптарды игеру жайында ақпараттар берілді. Аудан басшысы ауылдық округтердің барлық елдімекенінде болып, еңбек ұжымдарымен, тұрғындармен дидарласты, әлеуметтік сала мекемелерінде болды.

    «Ашық есік» бүгін Ақжол ауылдық округінде өтуде. Мұнда да Ә.Т.Жоламанов өз сапарын «Мектепке жол» акциясына қатысудан бастады.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале