17.09.2015, 18:02
Оқылды: 36

Ақпараттық насихат тобының ұйымдастыруымен Ақсу ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді

U

U

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыруға бағытталған 100 нақты қадам үлт жоспарын  насихаттау  және түсіндіру бағытында Ақсу ауылдық округі бойынша құрылған ақпараттық насихат тобының  ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Жиын басында сөз алған АНТ мүшесі  А.Тасанов Ұлт жоспары туралы өз ойын білдірді. Мемлекет басшысы 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадамды ұсыну арқылы бірқатар нақты міндеттер мен тапсырмалар  белгіледі деді.  Осы орайда «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемділігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалғандығына тоқталып өтті. Ақсу ауылдық округінің әкімі Г.Утепбергенов өз сөзінде Ұлт жоспары Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан  адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын берік жоспар екендігіне тоқтала отырып, реформада сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері де қарастырылғандығын айтып өтті.  Бұл бағытта мемлекеттік қызметшілер мен мекеме басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығы және жұртшылықпен өзара қарым-қатынасына аса көңіл бөлу керектігін  тілге тиек етті.

www.zhaikpress.kz

А.Алдиярова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале