22.09.2016, 16:50
Оқылды: 16

Ақсуатта дүкен ашылды

%d0%b0%d0%ba%d1%81%d1%83%d0%b0%d1%821Теректі ауданының Ақсуат ауылының тұрғыны Лунара Карбышева ниеттеніп жүріп несие алып, өз кәсібін дөңгелетуге  кірісті.


«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына сүйеніп, мемлекеттен 1 миллин 500 мың теңге көлемінде несие алған кәсіпкер «Лучик» атты дүкенінің есігін айқара ашты. Дүкеннің ашылу салтанатында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жандос Нығметов сөз сөйлеп, халыққа өз қызметін ұсынып отырған кәсіпкерге ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, ауыл әкімі Любовь Искалиева тұрғындарды тағы бір азық-түлік дүкенінің ашылумен құттықтап, Лунараның жұмысына сәттілік тіледі. Құттықтаушылардың қатарында Ақсуат ауылдық ардагерлер  алқасының төрағасы Жамбыл Рамазанов ақсақал да болды. Дүкеннің алғашқы тұтынушылары болуға ұмтылған ауыл тұрғындары өздеріне қажетті заттарды алуға ұмытылып жатырды. Кәсіпкер дүкеннің ашылу күніне орай әр сатып алушыға сыйлықтар үлестірді.

%d0%b0%d0%ba%d1%81%d1%83%d0%b0%d1%822Лунара Карбышева, кәсіпкер:

-Еліміздің Тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Осы мереке қарсаңында мен де өз кәсібімді ашып, ауыл тұрғындарына қызметімді ұсынуды көздедім. Мен үшін мемлекеттің көмегі орасан болды. Бағдарлама шеңберінде шаруамды келістіріп, кәсібімді аяқтан тұрғыздым. Елбасының кәсіпкерлерді қолдауы мені де қатты қуантады. Аудан әкімдігінің де, бөлім басшысы Жандос Берікұлының да, әкіміміз Любовь Меңдешқызының да маған артқан сенімі бөлек болды. Сол сенімді ақтап, халықтың қажетіне жарап жатырмын. Үлкен бақыт деп осыны айтуға болатын шығар.

 

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале